Маусым 9, 2022

Қазақстан инвесторлар үшін ашық есік саясатын
күшейтеді

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту және инвесторлардың заңды құқықтарын қорғау жүйесін жетілдіру мемлекеттің стратегиялық міндеттері болып табылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлар Кеңесінің 34-ші пленарлық отырысында баяндаған.

Мемлекет басшысының ақпараты бойынша, өткен жылы шетелдік серіктестер біздің экономикамызға шамамен 24 млрд доллар инвестициялады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 38%-ға көп.

«Шетелдік инвестициялардың 60%-дан астамы экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі. Біз бұл инвестицияларды өте бағалаймыз және шетелдік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелерімізді мінсіз орындау үшін бәрін жасаймыз. Инвесторлар үшін ашық есік саясатын Қазақстан одан әрі күшейтеді», - деп сендірді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ шетелдік компаниялармен тікелей өзара әрекеттесуді, оның ішінде оларды елімізге көшіру немесе бірлескен өндірістер ашу арқылы барлық институционалдық жағдайлар жасауға дайын екенін мәлімдеді.

«Біз инновацияларды дамытуға және елдегі адами капитал деңгейін арттыруға бағытталғанбыз. Бұл жерде шетелдік инвесторлар кеңесі, әсіресе өзара тиімді шешімдерді іздеу және ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша тәжірибе алмасу бөлігінде өз рөлін атқаруға тиіс деп санаймын. Үкімет кеңеспен бірлесіп осы мәселелерді шешу бойынша талдау жүргізіп, практикалық шаралар әзірлеуі қажет», – деп тапсырды ҚР Президенті.

Президент инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі жүйелі жұмыс ауқымды реформалармен қатар жүргізілетінін айтты. Яғни, адал бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою, тиімді мемлекеттік басқару, адами капиталдың сапасын арттыру, сот жүйесін реформалау туралы сөз қозғалды.

crossmenu