Қаңтар 23, 2023

Қазақстанның алты өңірінің ӘКК азық-түлік қауіпсіздігі мен бірлескен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Кездесу Алматы ӘКК алаңында өтті.

Кеңейтілген кеңеске «Алматы», «Жетісу», «Тараз», «Ұлытау», «Ақтөбе» өңірлік ӘКК басшылары, Алматы және Абай облысының кәсіпкерлік басқармасының басшылары, 30-дан астам отандық өндірушілер, сондай-ақ ірі сауда желілерінің өкілдері, соның ішінде Toimart, Magnum, Metro, Small және т.б. қатысты.

Қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде ерте піскен көкөніс өнімдерін жеткізуді ұйымдастыру, қант бағасын белгілеу, сондай-ақ өндірушілер мен сауда желілерін мемлекеттік тараптан қолдау жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, отандық өндірушілермен жеңілдікті қарыз алу мүмкіндіктері талқыланды, және де өнімді өткізу арналарын ұйымдастыруға көмек көрсету, сондай-ақ сол өнімді Қазақстан нарығына шығаруға қолдау көрсету ұсынылды.

Жиын қорытындысы бойынша өңіраралық кооперация аясында алты өңірдің ӘКК өкілдері азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәжірибесімен алмасып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мүмкіндіктерін іске асырудағы тығыз өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

crossmenu