Қараша 2, 2022

ШОБ енді жер учаскесін немесе үй жайды алуға онлайн өтінім бере алады

Енді сізде almatybusiness.gov.kz сайты арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі бар.

Аlmatybusiness.gov.kz - Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының ресми ресурсы. Портал біздің қаламызда бизнесті қолдау және дамыту үшін құрылған.

Кәсіпорын салу үшін жер учаскесін бөлуге немесе шағын және орта бизнес үшін дайын өндірістік орын алуға өтінім беру үшін:

  • Сайттың басты бетінде «Қызметтер» бөлімін таңдаңыз
  • Ең төменгі жағында «Өндірістік кәсіпорындар үшін алаңды таңдау» қосымшасын басыңыз
  • Қажетті алаңды таңдаңыз


Егер Сіз күмәндансаңыз және сіздің бизнесіңіз үшін қандай өндірістік алаң қажет екенін білмесеңіз, екі опцияны да (шағын өнеркәсіптік саябақта «200-ден 1000 м²-ге дейін» және Алматы индустриалды аймағының аумағында «жер учаскесін алу») таңдай аласыз.

Сондай-ақ, порталда тегін оқыту, қаржыландыруды таңдау, консультациялар беру, рұқсат құжаттарын алу бойынша және бизнесті тіркеуге көмектесу, бизнес-жоспар дайындау сияқты онлайн-қызметтерді алуға болады.

crossmenu