Маусым 22, 2022

«Ирригатор Қазақстан» ЖШС Алматы әкімінің
орынбасарымен кездесті

«Ирригатор Қазақстан» ЖШС компаниясының құрылтайшылары Алматы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровпен кездесті. Кездесу барысында Мetzerplas сooperative agricultural organization LTD Директорлар кеңесінің төрағасы Гиора Инбар Алматы Индустриялық аймағының аумағында заманауи зауыт салу жоспарлары туралы айтты.
«Ирригатор Қазақстан» ЖШС - негізгі қызметі израильдік Metzer бренді өндіретін суару жүйелерінің жабдықтарын сату және орнату болып табылатын инжинирингтік компания.

Кәсіпорын полиэтилен құбырлары мен жоғары және төмен қысымды полиэтиленнен жасалған тамшы желілерін шығаратын болады. Жобаға 29 тұрақты жұмыс орнын құрумен 2,75 млрд. теңгеге жуық жеке инвестициялар
салынады.

Жыл сайын «Ирригатор Қазақстан» ЖШС бау-бақша, жидек, көкөніс және дәнді дақылдарға арналған 270 млн.метрге жуық полиэтилен құбырлары мен тамшы желілерін шығаруды жоспарлап отыр.

«Ирригатор Қазақстан» ЖШС Алматы әкімінің<br>орынбасарымен кездесті
crossmenu