Ақпан 21, 2023

Ақтөбе ӘКК жұмыс сапарымен Алматыдағы Индустриалды аймаққа барды

Активтер және инвестициялар департаментінің директоры Сәуле Нұртаева бастаған Ақтөбе ӘКК делегациясы Алматының Индустриялды аймағының қызметімен танысты.

Кездесу барысында қонақтарға өнеркәсіптік парктер бойынша экскурсия өткізіліп, олар жаңа өндірістермен таныстырылды. Кездесу тәжірибе алмасу аясында өтті.

«Алматы индустриалды аймағы» ЖШС ШОБ дамыту жөніндегі кеңсе басшысы Диас Мурзахановтың айтуынша, шағын өнеркәсіптік парктердің міндеті кәсіпкерлерге көмек көрсету болып табылады. Бүгінде ҰКП резиденттері 57 өндіріс, тағы 15 жаңа өнеркәсіптік парктерге жабдықтар әкелуде.

Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте 8 өнеркәсіптік парк жұмыс істейді, салынған инвестициялардың жалпы сомасы 2,2 млрд теңгені құрайды.

Сондай-ақ, тағы 11 өнеркәсіп паркінің құрылысы жүргізілуде, оның 7-ін 2023 жылы іске қосу жоспарланған.

crossmenu