Ақпан 24, 2023

Алматы ӘКК «Asyl Et» компаниясымен сиыр етін белгіленген бағамен сату үшін қарыз шартына қол қойды

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде Алматы ӘКК мен «Asyl Meat» ЖШС арасында 90 000 кг көлемінде сиыр етінің (сүйегі бар күрек-кеуде бөлігі) тіркелген бағасы бойынша қарыз шарты жасалды.

Келісім бойынша, 2023 жылдың 2 ақпаны мен 2024 жылдың 31 қаңтары аралығында «Asyl Et» фирмалық дүкендері арқылы өнім сатылады.

Сөредегі баға 2210 тг/кг құрайды (сүйегі бар күрек-кеуде бөлігі).

Алматыдағы «Asyl Et» дүкендерінің мекенжайлары:

  • Ауезов ауданы, Жетісу-3 шағынауданы, 1А
  • Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 130Б
  • Бостандық ауданы, Әуезов көшесі, 169
  • Ауезов ауданы, 10а шағын ауданы, 13
  • Алатау ауданы, Ахрименко көшесі, 70

«Asyl Meat» ЖШС ет өңдеу кешені Алматы қаласынан 30 км қашықтықта орналасқан (Қошмамбет ауылы). Барлық өнімдер екі жақты бақылаудан өтеді және халықаралық және экологиялық стандарттарға сәйкес келеді, соның ішінде «Халяль» стандарты бар.

crossmenu