Қаңтар 6, 2023

Алматы ӘКК ҚР Парламенті Сенатының депутаттарымен кездесті

Кеңеске ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұрторе Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Сұлтанбек Мәкежанов, ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нүкетаева, Ләззат Қалтаева және т.б. қатысты.

Іс-шара барысында Алматы ӘКК өзінің қызметі, еншілес ұйымдары, кәсіпкерлерді қолдау және қаланың инвестициялық жобаларын іске асыру құралдары туралы айтып берді.

Қатысушылар бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеудің жаңа құралдарын енгізу перспективасын, жаңа студенттік жатақханалар салу мәселесін шешуді және жастар үшін жеңілдікті несие өнімдерін әзірлеу мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың маңызы және олардың рөлін заңнамалық деңгейде бекіту қажеттілігі туралы мәселе көтерілді.

Өз кезегінде Сенат мүшелері қолда бар міндеттерді шешу жолдарын қолдауға және бірлесіп іздестіруге дайын екендіктерін білдірді.

crossmenu