Қараша 12, 2021

Алматы ӘКК жаңа әлеуметтік жобаны – Білім студиясын іске қосуға жәрдемдесті

Білім студиясы – бұл 5 жастан 13 жасқа дейінгі балаларды көркемдік шеберлікке үйрететін балалар үйірмелерінің орталығы. Сабақ бағдарламасында сурет салу, шығармашылық мүсіндеу, гербарий жасау негіздері қарастырылған. Сонымен қатар, оқытушылар құрамына ҚР халық суретшілері, білім беру үздіктері және суретшілер одағының мүшелері кіреді.

Алматы ӘКК осы әлеуметтік жобаны қолдап, іске асыруға арналған үй-жайды ұсынды. Студия жеке сыныптарға бөлінген және ыңғайлы оқу үдерісі үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған.

Білім студиясы Алматы қаласында Пушкин көшесі, 78 мекенжайы бойынша орналасқан.

crossmenu