Қаңтар 30, 2023

Алматы ӘКК "Ан-Ниса" мүгедектер қоғамдық бірлестігіне үй-жай берді

Алматы ӘКК қызметінің басым бағыты әлеуметтік жобаларды қолдау болып табылады. Осыған ұқсас жобалардың бірі «Ан-Ниса» Мүгедектер қоғамдық бірлестігінің ашылуы болды. Орталық қарқынды өсіп келе жатқандықтан, оның көмегіне жүгінетін ерекше балалар көбейіп келеді, сол үшін Алматы ӘКК қосымша филиал үшін үй-жай беріп, көмек көрсетті.

«Ан-Ниса» орталығы 4-12 жас аралығындағы көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға тегін кешенді даму және инклюзивті оқыту, әлеуметтік, психологиялық және медициналық көмек көрсету орталығы болып табылады.

Қазіргі уақытта Алматыда «Ан-Ниса» орталығының есебінде 120 зағип және көру қабілеті бұзылған 60 бала, соның ішінде мектепке дейінгі жастағы топтар бар. Сонымен қатар, оқытушылар құрамының 80%-ы - көру қабілеті бойынша 1-топтағы мүгедектер.

«Ан-Ниса» жетекшісі Сандуғаш Әділғазықызы Бәшірова айтып өткендей, Орталықта зағип балаларға арналған үйірмелер құру жоспарланған. «Біз барлық қызметтерді тегін көрсетеміз және «Ан-Ниса» орталығы болашақта одан да көп баланы қабылдай алса дейміз», - деді ол.

crossmenu