Шілде 28, 2022

Алматы қаласының әкімдігі мен "Даму" Қоры ШОБ-ты жеңілдікпен несиелендіру шарттарын жаңартты

Алматы қаласының әкімдігі мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту Қоры шағын және орта бизнес субъектілеріне жеңілдетілген несие беру шарттарын жаңартты. Бағдарламаның жаңа атауы-Jana Business (бұрынғы Almaty Business)

Бағдарламаның жаңартылған шарттарына сәйкес жеңілдетілген несиелер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме 7% - дан 6% - ға дейін төмендетілді. Несиенің максималды сомасы 100 млн. теңгені құрайды, несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін.

Jana Business бағдарламасының тағы бір жаңалығы өнеркәсіптік парктер субъектілеріне жылдық 6% - бен, 500 млн.теңгеге дейінгі сомада, 7 жылға дейінгі мерзімге кредит алу мүмкіндігін беру болды.

Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында Jana Business бағдарламасында факторингтік мәмілелерді жылдық 8,5% мөлшерлеме бойынша қаржыландыру мүмкіндігі көзделген. Факторинг механизмі сатып алушыға төлемді кейінге қалдыра отырып, тауарды немесе қызметті сатып алуға мүмкіндік береді.

ШОБ субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру Екінші деңгейдегі банктер, микроқаржы ұйымдары және лизингтік компаниялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

crossmenu