Желтоқсан 8, 2021

Алматыда Almaty Investment Forum 2021 жыл сайынғы Халықаралық инвестициялық форумы өтті

2021 жылғы 2 желтоқсанда Алматы қаласының әкімдігі, «Алматы «ӘКК» АҚ, «Атамекен» ҰКП және Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған Almaty Investment Forum 2021 онлайн-форматында өтті.

AIF 2021 спикерлері билік органдарының, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының, банктердің, кәсіпорындардың, IT - және инвестициялық компаниялардың бірінші басшылары, түрлі қызмет салаларындағы шетелдік сарапшылары болды.

Форум онлайн-форматта өтіп, 7000-нан астам қаралым жинады және 1800-ден астам адам қатысты. Қарауға аса танымал сессиялардың бірі Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, Бішкек, Қазан, Самарқанд, Санкт - Петербург, Ыстамбұл және Шэньчжэнь қалаларының мэрлері мен өкілдерінің қатысуымен өткен «Жаңа Жібек жолының Мегақалалары» тақырыбындағы телекөпірі болды. Талқылау барысында Алматының жаңа Жібек жолы қалалары арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі келесі бастамалары ұсынылды: стартаптар мен технологияларды бірлесіп дамыту бойынша инновациялық экожүйені құру, көлік-логистикалық хабты, Алматының туристік әлеуетін және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы бойынша қалалар платформасында инновациялық компанияларды дамыту.

Форумда сондай-ақ Алматының негізгі өсу нүктелері, дамудың басым бағыттары, бизнестің қазіргі жағдайы, қаланың жаңа мүмкіндіктері, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Қала алдында тұрған сын-тегеуріндерге және осы сын-қатерлерді еңсеруге ықпал ететін шешімдерді талқылауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, іс-шарада «Жыл жобалары» көрмесі ұсынылды, оның аясында 2 260 млрд. теңгеден астам сомаға 24 жоба таныстырылды. Жобалардың ішінде: Алматы ЖЭО-ны газдандыру; Smart Алматы; Алматы қаласы әуежайының халықаралық терминалының құрылысы; электрлік қоғамдық көлік; Almaty Digital Twin.

Almaty Investment Forum 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді және қаланы дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруға арналған эксклюзивті алаң болып табылады.

crossmenu