Маусым 28, 2022

Алматыда өнеркәсіп өндірісі дамуының оң динамикасы байқалуда

2022 жылғы қаңтар-мамыр айларында Алматы қаласында 676,3 млрд.теңгеге өнім өндірілді, бұл ұқсас кезеңнің өткен жылғы көрсеткіштерінен 12,7%-ға артық. Ең жоғары өсім өңдеу өнеркәсібі саласында байқалады - 18,3% өсіммен 566,9 млрд.теңгеге өнім өндірілді.

Көлемдердің өсімі келесі салаларда байқалды:

  • Металл емес минералдық өнімдерді өндіру саласында 26,8%-ға (27,3 млрд. теңге, үлесі – 4%)
  • Металл бұйымдары 44,7%-ға (17,2 млрд. теңге, үлесі – 2,5%)
  • Жиһаз 30%-ға (8,5 млрд. теңге, үлесі – 1,3%)
  • Фармацевтикалық препараттар 9,8%-ға (9,5 млрд. теңге, үлесі – 1,4%)
  • Жеңіл өнеркәсіп 2,4%-ға (6,6 млрд. теңге, үлесі – 1%)
  • Сусындар 2,1%-ға (27,9 млрд. теңге, үлесі – 4,1%)
  • Азық-түлік өнімдері 1,2%-ға (117 млрд. теңге, үлесі – 17,3%)
crossmenu