Наурыз 28, 2022

Алматыда сауда нүктелеріне шекер-қанттың тікелей жеткізілуін қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жедел желі жұмыс істейді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру аясында «Алматы» ӘКК» АҚ базасында кәсіпкерлер үшін қаланың сауда нүктелеріне азық-түлікті, оның ішінде шекерді-қантты тікелей жеткізуді қамтамасыз ету бойынша «жедел желі» телефоны жұмыс істейді.

«Алматы» ӘКК қанттың ірі дистрибьюторымен қаланың сауда желілері мен дүкендеріне шекердің-қанттың қажетті көлемін жеткізу бойынша уағдаластыққа қол жеткізді.

Бүгінгі күні жалпы көлемі 5 318 тонна шекерге-қантқа 150-ден астам өтінім қабылданды. Ірі сауда желілеріне (Magnum, Small, Carefood, Столичный, Юбилейный, А-store, Galmart, Metro және т.б.) 500 тоннадан астам көлемде шекерді-қантты жөнелту жүргізілді. Сатылатын өнімнің сауда үстемесі 10%-дан аспайтын деңгейде белгіленген.

Сонымен қатар, күн сайын шағын супермаркеттер мен «үй жанындағы дүкендерге» шекерді-қантты көтерме түрде жеткізу жалғасуда. Қазіргі уақытта 400-ден астам сауда нысандарына тиеу жүргізілді.

Жедел желі телефоны:

+7 771 447 05 80 – Ашимбаев Абылай, «Алматы» ӘКК» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің маманы.

crossmenu