Наурыз 13, 2023

Алматыда Магнум сауда желісінде маусымаралық көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жоспарланған

Алматы қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды қамтамасыз ету бойынша шараларды іске асыру шеңберінде, Алматы ӘКК мен супермаркеттер желісі арасында "Магнум" (75 дүкен) көкөніс өнімдерінің, атап айтқанда: картоп, сәбіз, пияз және қырыққабаттың бағасын тұрақтандыру бойынша қарыз шарты жасалды.

Келісімшарт жасалған өнімнің жалпы көлемі 3 773 тоннаны құрайды, оның ішінде:

  • Картоп-1 179 тонна;
  • Сәбіз - 565 тонна;
  • Пияз - 908 тонна;
  • Қырыққабат - 521 тонна.

Бұл өнім 2022 жылғы 1 мамырдан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейін сауда желісінің барлық нүктелерінде шекті төмендетілген бөлшек сауда бағалары бойынша қолжетімді.

crossmenu