Қазан 6, 2022

Алматыда Алматы облысы ауылшаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді

Алматыда 2022 жылғы 8-9 қазанда сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін Алматы облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің кеңейтілген жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеге Қонаев қаласының және Алматы облысының 9 ауданының шаруа және фермер қожалықтары қатысады. Өнім ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары, т. б.)

Өнім ассортиментінде 50-ден астам атаулар бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, ұн, жарма, өсімдік, жануарлар майлары және т. б.).

Өнімнің жалпы көлемі – 320 тонна, оның ішінде:

  • ет өнімдері – 40 тонна
  • жеміс-көкөніс өнімдері – 160 тонна
  • сүт өнімдері – 15 тонна
  • балық өнімдері – 13 тонна
  • басқа өнімдер – 92 тонна.

Жәрмеңке өтетін орын – Шевченко көшесінің бойында, Қонаев көшесі мен Пушкин көшелерінің аралығында («Ғылым ордасы» археология мұражайына қарама-қарсы).

crossmenu