«Алматы» ӘКК» АҚ Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының 12.06.2024 ж. №44.4-44/1091-И тапсырма-хатын орындау мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі №280 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидалары» аясында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі 11.05.2023 жылғы №166-НҚ бұйрығымен бекітілген ӘМАТ-ның өнімдер тізбесінің 19 түріне бағаларды тұрақтандыру шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген қарыздар беруге өтінімдерді қабылдауды хабарлайды. Бекітілген өнімдер тізбесі:
1 |
Бірінші сұрыпты бидай ұны |
2 |
Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны (қалыпты нан) |
3 |
Түтік кеспе (өлшеніп салынатын) |
4 |
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын) |
5 |
Ажарланған, күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын) |
6 |
Картоп |
7 |
Асханалық сәбіз |
8 |
Басты пияз |
9 |
Ақбас қырыққабат |
10 |
Ақ қант – құмшекер |
11 |
Күнбағыс майы |
12 |
Сиір еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі) |
13 |
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік) |
14 |
Пастерленген сүт, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптама |
15 |
Айран, майлылығы 2,5% жұмсақ қаптама |
16 |
Сары май (тұздалмаған майлығы кемінде 72,5%, толықтырғыш пен өсімдік майлары қосылмаған) |
17 |
Сүзбе: майлығы 5 – 9 % |
18 |
Тауық жұмыртқасы (I санат) |
19 |
Ас тұзы («Экстра» -дан басқа) |
Өтінімдер желімделген конвертте қолма-қол, Алматы қ., Байзақов к-сі, 303, 6 қабат канцелярия, мекенжай бойынша немесе info@spkalmaty.kz электронды поштасына жіберу арқылы қабылданады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі 17.06.2024 жылдан 16.07.2024 жылға қоса алғанда, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 17:30-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ға дейін).
Қарыз алу үшін өтінімде кәсіпкерлік субъектісінің деректерін, қарыз сомасын, өнімнің көлемі бойынша есепті, өткізу орындарын, өнім туралы ақпаратты, сатудың тіркелген бағаларын, өнімді өткізу мерзімін, қарызды (кепілді) қамтамасыз ету туралы мәліметтерді және т.б. көрсету қажет (үлгі қоса беріледі).
Өтініммен бірге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру шеңберінде жеңілдетілген қарыз беру үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсыну керек (тізбе қоса беріледі).
Кәсіпкерлік субъектісі мынадай өлшемшарттарға сәйкес келуге тиіс:
1) Кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде не жалға алу құқығында азық-түлік тауарларын тиісінше өндіруге және сақтауға, сондай-ақ азық-түлік тауарларының сатып алу және өзге де операцияларын орындауға арналған қойма құрылыстары мен арнайы жабдығы бар басқа да үй-жайлардан тұратын және ӘМАТ-на бағаларды тежеуге бағытталған шаралар кешенін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін өндірістік немесе сауда-логистикалық инфрақұрылымы болуға тиіс;
2) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде тарату немесе банкрот болуы сатысында болмауға тиіс;
3) Кәсіпкерлік субъектілері өтінімді қарау кезінде жосықсыз өнім берушілер тізімінде болмауға тиіс.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат пен құжаттама талап етілуі мүмкін (өтініш берушінің қаржылық жағдайы, кредиттік тарихы және т. б.).
Кәсіпкерлік субъектісіне қарыз беру туралы шешімді Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссия қабылдайды.
Алғашқы кеңес алу үшін Байзақов көшесі, 303, 6 қабат, 612 кабинетке хабарласуға болады. Жауапты қызметкер - Азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің бас менеджері Аққошқаров Абзал Елденұлы, байланыс нөмірі 87014104912.