11 қазаннан бастап"БЖК-2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау басталады

Алматы кәсіпкерлеріне экономиканың басым секторларында шағын бизнесті дамыту үшін 2-ден 5 млн теңгеге дейін қайтарымсыз грант беріледі.

 Конкурсқа қатысуға өтінім беру және конкурстық құжаттаманың толық тізімін веб-портал арқылы электрондық нысанда өткізіледі www.qoldau.kz.

 Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2021 жылғы 11-17 қазан аралығында.

"Qolday" орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері 9:00 -18:00.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 2 қабат, Тел. +7 (727) 225-10-79.

Байқауды ұйымдастырушы: Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Веб-портал арқылы электрондық өтінімді қалай беруге болады www.qoldau.kz ?

— Өзінің жеке деректерін көрсете отырып qoldau.kz порталында Жеке кабинетіне тіркелу — PDF форматында келесі сканерленген құжаттардың көшірмелерін тіркей отырып, 

— Конкурсқа қатысуға өтінім беру:

1) осы гранттарды беру қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның бизнес-жоспары.

2) өтінім берілген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолы қойылған және өтініш берушінің мөрі қойылған анықтама (егер бар болса);

3) сіздің бағдарлама және (немесе) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек"бағдарламасы шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжат (бар болса).

4) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың (ақша қаражатымен, бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен)болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар екені туралы банк шотынан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда) бағалау құнын растайтын құжаттар;

5) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік-осал топтарына жатқызу мәртебесінің болуын растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).